қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
02.07.2021

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған курс өтті

 


 

28 маусым мен 2 шілде аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Солтүстік Қазақстан облысының Білім басқармасымен ынтымақтастық аясында жоғарыда аталған өңірдің Білім басқармасына қарасты орта білім беру ұйымдарының «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні мұғалімдеріне арналған «Эссе: шеберлік пен үйлесімділік» курсы өткізілді. Курсқа барлығы 29 мұғалім қатысты.

 

Курс спикері Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің аға оқытушысы, «Болашақ» бағдарламасының түлегі, «Академиялық жазылым» еңбегінің авторы Еділбай Оспанов болды. Еділбай Оспанов курс қатысушыларына эссе жазудың қыр-сырын жан-жақты талдап, ғылыми деңгейде түсіндірді. Курс соңында барлық қатысушы мұғалімдерге сертификат және Е. Оспановтың «Академиялық жазылым» еңбегі табысталды.

 

 

02.07.2021 ж.

Ақпарат көзі: qazaq1913.com