қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
03.04.2019

 «Қауіпсіздікті қамтамасыз ету: мемлекет пен қоғам ролі» II қазақ-француз форумы


2019 жылдың 19 сәуірінде  «Қауіпсіздікті қамтамасыз ету: мемлекет пен қоғам ролі» II қазақ-француз форумы өтеді.

 

Форум жаңа ашылған «Novotel» қонақ үйінде өткізіледі. «Novotel» -Accor Hotels тобының құрамына кіретін Франция қонақ үй желісінің бренді болып табылады. Novotel желісі әлемнің 60 елінде, негізінен ірі қалаларда және танымал курорттарда орналасқан 400 жуық қонақ үйлерді қамтиды.

 

Форумға Еуропа Одағынан белгілі сарапшылар, Қазақстан Республикасы мен Францияның мемлекеттік органдарының жетекшілері, Францияның атақты университеттерінің ректорлары, Франция мен Қазақстан Республикасының жетекші ғылыми орталықтары, дипломатиялық корпус өкілдері, сондай-ақ, шетелдік және қазақстандық көрнекі ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысады.


Форум жұмысының негізгі бағыттары:
Платформа 1. Құқық үстемдігі және қауіпсіздік
Платформа 2. Ұлттық мүддені көздеу және экономикалық дипломатия
Платформа 3. Сандық форматқа өту - қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жаңа факторы ретінде
Платформа 4. Білім беру, денсаулық сақтау және қауіпсіздік
Платформа 5. Экономикалық, қаржылық қауіпсіздік және жаһандану жағдайындағы бизнес
Платформа 6. Жастар платформасы.


Форум аясында Сорбонна-Қазақстан институтының үздік түлектеріне ИНАЛКО (Сорбонна Университеті) президенті атынан дипломдарды тапсыру салтанатты рәсімі ұйымдастырылады.


Форум барысында Сорбонна Университеті (Париж 13 Университеті) басшылығымен «Денсаулық сақтау жүйесіндегі менеджмент», сондай- ақ «Фискалдық құқық» саласындағы мамандарды даярлау бойынша маңызды меморандумдарға қол қою рәсімі өтеді.


Өткізу орны: Novotel Almaty City Center, (Достық даңғылы 104 А, Алматы, Тел: +7 (702) 584 68 31 , +7 (727) 355 32 34).

 

Форумның басталуы: сағат 10.00.

 
Форумды ұйымдастырушы: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Сорбонна-Қазақстан институты

 

Байланыс деректері: 

a.sabitova@sorbonne.kz (Сорбонна-Қазақстан институтының директоры)

a.akpayeva@sorbonne.kz (хат көшірмесін директорлар ассистентіне жіберуіңізді өтінеміз)

m.orumbaeva@sorbonne.kz(хат көшірмесін директорлар ассистентіне жіберуіңізді өтінеміз)