қазақша · русский · english
   
  Main  News
18.11.2021

Манаш Қозыбаев - ұлттық тарих ғылымының негізін салушы

 

2021 жылдың  16 қарашасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі «Ұлы дала тұлғалары» орталығының ұйымдастыруымен Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, ҚР ҰҒА академигі Манаш Қабашұлы Қозыбаевтың 90 жылдығына арналған «Ұлттық тарих тамыршысы» атты тарихи-танымдық дәріс оффлайн/онлайн форматта өтті.

 

Дәрісті «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» Әлеуметтік даму жөніндегі проректоры - Шыңғыс Нұрланов жүргізді.

 

М.Қозыбаев шығармашылық мұрасына арналған кітап көрмесі мен ҚР Президент архиві қорындағы құжаттар көрмесі ұйымдастырылды.

 

Дәрісте тарих ғылымдарының кандидаты Зирабүбі Төленова М.Қозыбаевтың өмірі мен шығармашылық мұрасын жан-жақты талдаса, ҚР ҰҒА академигі Ханкелді Әбжанов М.Қозыбаевтың адами-тұлғалық келбетіне тоқталды. Тарих ғылымдарының докторы, профессор Ілияс Қозыбаев отандық тұлғатану мәселелеріне тоқталып, оны жүйелі дамыту қажеттігін айтты. Сондай-ақ, дәрісте академик М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің басқарма төрағасының кеңесшісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор - Ақмарал Ибраева, Қазақстан Республикасы Президенті архивінің Жинақтау және құжаттама басқармасының басшысы - Жәнібек Зейнелов, «Ұлы дала тұлғалары» орталығының жетекшісі саяси ғылымдарының докторы, профессор Гүлшат Нұрымбетова өз ойларымен бөлісті.