қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
18.11.2021

Студенттер мектептерде тәжірибеден өтуде

 


 

Таяуда Алматы қалалық Білім басқармасы мен Абай атындағы ҚазҰПУ арасында арнайы меморандум жасалып, педагогикалық кадрлардың үздіксіз тәжірибеден өтуіне байланысты нақты қадамдар бекітілген болатын.

 

Университет ректоры Дархан Біләловтың айтуынша, жоғары оқу орындарының басшылары педагогикалық жоғары оқу орны мен орта білім беру орындары арасындағы бірлескен жұмыстарды, студенттердің өндірістік тәжірибені қалай өтіп жатқандығы туралы дер кезінде біліп отыру ынтымақтастық аясындағы маңызды шарттардың бірі.

 

Осы орайда ынтымақтастық шарттарын жүзеге асыру мақсатында қаладағы №19 орта мектепте Абай атындағы ҚазҰПУ Математика, физика және информатика институтының 4-ші курс студенті Әсем Сағымбек математика пәнінен ашық сабақ өтіп, оған университет ректоры Дархан Біләлов, Медеу аудандық білім беру бөлімінің басшысы Ағайша Сапарова, №19 жалпы білім беретін мектептің директоры Айымгүл Иманғалиева, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Шыңғыс Әбдіманап, сондай-ақ педагогикалық практика жетекшісі Лариса Жадыраева қатысты.

 

Дархан Біләлов болашақ педагогпен кері байланыс барысында практиканттың педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолдануына қатысты өз пікірін айтып, тәжірибесімен бөлісті. Ол №19 мектеп оқушыларымен және бір жылдық тәжірибеден өтіп жатқан студенттермен кездесіп, түрлі мәселелер бойынша ой бөлісті. Ректор университет басшылығының қатысуымен өтетін ашық сабақтар топтамасы алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтіп, ендігі кезекте университеттегі проректорлар мен институт директорлары екі апта бойы ашық сабақтарға қатысатындығын жеткізді.

 

Меморандум аясында университет студенттеріне кәсіби дағдыларын дамытуға, тағылымдамадан өтуге және түлектердің жұмысқа орналасуына байланысты кеңестер біріліп, жастар саясаты саласындағы тиімді ынтымақтастық есебінен зияткерлік элитаны қалыптастыруға бағытталған басымдықтарды, бірлескен мәдени-білім беру бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру, жоғары оқу орындары мен жалпы білім беретін мектеп оқытушыларының біліктілігін арттыру жұмыстары іске асатын болады.

 

18.11.2021 ж.

Ақпарат көзі: egemen.kz