қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
13.12.2021

«Тәуелсіздік-тірегім, Қазақстан-жүрегім» ЖОО аралық мәнерлеп оқу байқауы


2021 жылдың 6-11 желтоқсаны аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ Қазақстан халқы Ассамблеясы және академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедраларының ұйымдастыруымен 1 курс студенттері арасында жоғары оқу орындары арасындағы мәнерлеп оқу байқауы өтті. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған шараның тақырыбы - «Тәуелсіздік - тірегім, Қазақстан-жүрегім».

 

Бұл байқауда Студенттер үш түрлі номинация бойынша жарысты. Бұл қазақ және орыс топтарында оқитын қазақ студенттері және орыс тобында оқитын басқа ұлт студенттері. Байқау шарты бойынша қатысушылар бейнежазба арқылы тақырыпқа сәйкес келетін ақындардың шығармаларын ұсынды. Байқаудың қорытындысын арнайы құрылған қазылар алқасы бағалап, 1,2,3 дәрежелі дипломдармен және белсенді қатысқан студенттерді алғыс хаттармен марапаттады.