қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
15.12.2021

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған онлайн іс-шара


2021 жылдың 15 желтоқсанында Педагогика және психология институты бастауыш білім беру бағдарламалары кәсіби даярлау бөлімінің оқытушылары А. Х. Аренова және А. И. Сафаргалиева онлайн форматта «Қазіргі Қазақстан: Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.


Дөңгелек үстелге «6В01303 - Бастауыш білім ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен» мамандығының күндізгі және қашықтан оқыту бөлімінің студенттері қатысып, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы, бастауыш сынып оқушыларын ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу туралы пікір алысты. Қазақстан Республикасының жаңа жетістіктері мен табысты өзгерістері туралы бейнеролик-презентациялар семинарға қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.