қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
14.04.2022

«Сабаққа арналған таныстырылымдар» халықаралық конкурсы

 

Болашақ педагогтердің шығармашылық әрекетін дамыту, олардың кәсіби шеберлігін өсіру - Бастауыш білім беру бағдарламалары кәсіби даярлау бөлімі оқытушыларының мақсаты. 2022 жылдың 13 сәуірінде «Сабаққа арналған таныстырылымдар» VI Халықаралық конкурсының қорытындысы шығарылды. конкурсқа біздің университеттің, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Пермь мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университеті, В.М.Шукшин атындағы Алтай мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университеті, Х.Досмухамедов атындағы Атырау университеті, Я. Купала атындағы Гродно мемлекеттік университеті, Самар мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық университеті студенттерінен 58 жұмыс келіп түсті. Конкурс қатысушылары жоғары деңгейдегі ақпараттық мәдениетінің, таныстырылымның мультимедиялық мүмкіндіктерін қолдану біліктерінің қалыптасқандығын көрсетті.

 

Сонымен бірге, биылғы жылы конкурсқа қатысу үшін Я.Купала атындағы ГрМУ студенттерінің белорусь тіліндегі жұмыстары да қабылданды.

 

Конкурс бірнеше номинация бойынша өтті, әділ қазылар алқасы сол номинациялар бойынша жүлделі орындарды бөлді. Биылғы жылы конкурс қатысушылары көп болғандықтан, тек бірінші орын алған студенттердің ғана тізімін береміз.

 

І дәрежелі Диплом төмендегі студенттерге берілді:

«Математика сабағына арналған үздік таныстырылым» номинациясы - Саддикова Доно (Абай атындағы ҚазҰПУ);

«Орыс тілі сабағына арналған үздік таныстырылым» номинациясы - Харитопуло София (Абай атындағы ҚазҰПУ);

«Әдебиеттік оқу сабағына арналған үздік таныстырылым» номинациясы - Луцких Кристина (Абай атындағы ҚазҰПУ);

«Жаратылыстану сабағына арналған үздік таныстырылым» номинациясы - Прокудина Ева (Абай атындағы ҚазҰПУ);

«Жаратылыстану сабағына арналған үздік таныстырылым» номинациясы - Надымова Елизавета (ПМГПУ);

«Табиғаттану сабағына арналған үздік таныстырылым» номинациясы - Тюрина Анастасия (СМӘПУ);

«Цифрлық сауаттылық сабағына арналған үздік таныстырылым» номинациясы - Кулакова Елена (Абай атындағы ҚазҰПУ);

«Сыныптан тыс шараларға арналған үздік таныстырылым» номинациясы - Абдиганиева Севара, Тельмураткызы Гульдана (ҚазҰлтҚызПУ);

«Сыныптан тыс шараларға арналған үздік таныстырылым» номинациясы - Шкляева Виктория (ПМГПУ);

«Әдебиеттік оқу сабағына арналған үздік таныстырылым» номинациясы - Купраш Татьяна (Я.Купала атындағы ГрМУ);

«Белорус тілі сабағына арналған үздік таныстырылым» номинациясы - Чапля Татьяна (Я.Купала атындағы ГрМУ).

 

Конкурстың ұйымдастырушысы Рябова Е.В. барлық қатысушылар мен олардың жетекшілерін жеңістерімен құттықтап, одан әрі де ынтымақтастықпен жұмыс жасауға үміт білдірді.