қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
04.05.2022

Абай атындағы ҚазҰПУ студенті тоғызқұмалақтан 3-ші орын алды


Қазақстан Республикасының спорттық студенттер лигасының финалдық жарыстары аяқталды. Осы іс-шара аясында 2022 жылғы 29 сәуір мен 4 мамыр аралығында тоғызқұмалақтан жарыс өтті. Жарысқа әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ҚазСТА, Ахмет Яссауи атындағы ХҚТУ, Қ.Жұбанов атындағы АӨУ, Ш.Уалиханов атындағы КУ, М.Өтемісова атындағы БҚУ, Гумилев атындағы ЕҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, ППУ қатысты.Барлығы 72 студент қатысты, 9 әйелдер және ерлер командасы болды.

 

Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2 - орынды М. Өтемісов атындағы БҚУ, 3 - орынды Қ. Жұбанов атындағы АӨУ иеленді. Университетіміздің қыздар құрамасы 5 орынды иеленді. Сәрсенбаева Забирай жарыстың қола жүлдегері атанды.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың тоғызқұмалақтан құрама командасының жаттықтырушысы дене шынықтыру және спорт кафедрасының аға оқытушысы Мира Иралина.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=