қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
05.05.2022

«Береке бастауы-бірлік» студенттік этнофестивалі

 

2022 жылдың 4 мамырында университетіміздің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Береке бастауы - бірлік» этнофестивалін ұйымдастырды. Іс-шараны құттықтау сөзімен әлеуметтік даму жөніндегі проректор Шыңғыс Нұрланов ашты. Содан кейін құрметті қонақ - «Ариана» ауған орталығының төрағасы Ахмадулла Васток еліміздің барлық азаматтарына жылы лебізін білдірді.

 

Өзге ұлт өкілдеріне алғысын білдіре отырып, математика, физика және информатика институтының 2-курс студенттері Әйгерім Демисенова, Нұрай Қажа, Филология институтының "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығының 1-курс студенті Әлішер Маратұлы, осы оқу орнының 2-курс студенттері Аружан Иосифова, Қаламқас Берікбай, Әлішер Жарылқапов және Махаббат Тоқтар өнер көрсетті. Шетел азаматтары мен жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінің Корей, Қытай, Мысыр, Филиппин, түрікмен, Араб ұлттарының студент жастары «Нас объединил Казахстан» композициясымен өнер көрсетті. Сахнада «Ақкербез» топтары қазақтың «Шаттық» биімен, «Весенняя капель» топтары орыс кадрильімен, «Руми» топтары өзбектің «Хорезм», «Арзу» топтары ұйғырдың «Бахар уссули», «Ситора» топтары тәжіктің «Бале - бале» биімен өнер көрсетті.

 

Еліміздің басты мерекелерінің бірімен құттықтап - Орыс мәдениеті орталығының өкілдері «Чирибим», корей биі - «Лотос. Восход гүлі» («Flower dance» би ұжымы), Африка Достық үйінің орталығы - «барабандар» нөмірімен, Алматы қаласының Әзірбайжан ассоциациясының атынан "Бахар" ансамблі «Назэлеме» және «Лизгинка» халық билерін орындаса, Қазақстан Республикасының ұйғыр халқының атынан П. И. Чайковский музыкалық колледждің «Сардар» ансамблі өз шығармашылығымен қуантты. Кәсіби әнші Қалбинұр Аруп «Гүлбақка» әнімен де ешкімді бей-жай қалдырмады.

 

Этнофестиваль барысын талқылау мақсатында ҚХА кафедрасының меңгерушісі қонақтарды әр ұлттың түрлі ұлттық тағамдары әзірленген дастарханға шақырды. Қатысушылар мен қонақтар іс-шараны ұйымдастырушылар мен университет басшылығына ризашылықтарын білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=