қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
26.10.2022

Жеңіл атлетикадан жарыс

 

2022 жылдың 22 қазан күні М.Әуезов атындағы спорт кешенінде Республиканы күніне орай дене шынықтыру және спорт кафедрасы жеңіл атлетикадан Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері арасында жарыс ұйымдастырды. Жарыс барысында Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры Тайыржан Искаков, «Дене шынықтыру дәне спорт» кафедрасының меңгерушісі Ерғали Мухиддинов барша ұстаздар мен студенттерді Республика күнімен құттықтап, сөз сөйледі.


Студенттер 100 метрге жүгіру, бір орыннан ұзындыққа секіру, эстафеталық 4х100 жүгіру түрлері бойынша сайысқа түсті. Жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте 1 орынды Өнер, мәдениеті және спорт институты, 2 орынды Математика физика және информатика институты, 3 орынды Сорбонна-Казақстан институты иеленді. Жеке біріншіліктегі жеңімпаздар мен жарыс жүлдегерлері грамоталармен марапатталды.

 

  alt=  

 

  alt=