қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
01.11.2022

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ескертпе және Адалдық кодексі

 

2022 жылғы 21-28 қазанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Sanaly urpaq» жобасы аясында 2022-2023 оқу жылына арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кешенді Жоспарының 1.12 тармағына сәйкес Өнер, мәдениет және спорт институты мен Тарих және құқық институтының ұйымдастыруымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс - қызметінің комплаенс офицері Қамбар Усиповпен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ескертпе және Адалдық кодексі» тақырыбында кездесу болып өтті.


Кездесулерге Тарих және құқық институт директоры Ғабит Кенжебаев, институт директорларының тәрбие және әлеуметтік ісі жөніндегі орынбасары Нұрлан Манапов, эдвайзерлер, Тарих және құқық институт бойынша 1-2 курстан - 126 астам студент, Өнер, мәдениет және спорт институты бойынша - 166-дан астам студент қатысты.


Комплаенс офицер Қ.Т. Усипов сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта заңнамалық өзгерістер туралы ақпарат берді және жоғары оқу орнында жүргізіліп жатқан іс-шаралар барысына шолу жасады. Ол өз сөзінде жалпы университетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және академиялық адалдық қағидаттарын сақтауға бағытталған іс-шаралар Университеттің кешенді жоспарына сәйкес жүргізілетіндігі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Кеңесінің құзіреттері туралы, студент жастарды сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру рухында тәрбиелеу үшін тақырыптық сауалнамалар, кездесулер, шығармашылық конкурстар, дөңгелек үстелдер өткізілгендігі туралы баяндады.

Білім алушыларға соңғы жылдары жүзеге асырылып келе жатқан, университетте енгізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл менеджмент жүйесі - ИСО 37001-2016 халықаралық стандартының талаптарын сақтау мәселелері түсіндірілді.

Сонымен қатар, ҚР 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасының талаптарына сәйкес университеттің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Саясатының» жаңа нұсқасының, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жадынама Нұсқаулықтың (Инструкция), сонымен қатар, кері байланысты ыңғайлы қамтамасыз ету үшін QR - кодтың әзірленгендігі және оның барлық ғимараттарға, жатақханаларға ілінетінін айтты.


Жатақхана бөлу процесінде оңды өзгерістер болып жатқанына (жаңа цифрлы форматқа көшкендігіне) қарамастан, әлі де студенттер арасында делдалдар бар екенін нақты мысал келтіре отырып айтып берді. Сондықтан да бұл бағытта эдвайзерлер тарапынан түсіндіру жұмыстарының тұрақты түрде орындалуының маңызы орасан зор екендігіне баса назар аударды.


Кездесу студенттердің белсенді қатысуымен жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті.

 

  alt=  

 

  alt=   alt=