қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
21.11.2022

Университет қабырғасында Д.А.Қонаевтың 110 жылдығына арналған танымдық дәріс өтті


2022 жылдың 18 қараша күні университеттің «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі Дінмұхамед Ахмедұлы Қонаевтың 110 жылдығына орай университет қабырғасында Іле ауданы №25 орта мектебінің «Адал ұрпақ» ұйымының оқушыларымен кездесті.


Кездесу барысында оқушыларға Д.Қонаевтың өмірбаяны таныстырылып, жеке тұлғалық даму бойынша танымдық дәріс жүргізілді. Сонымен қатар оқушыларға университет туралы дайындалған бейнеролик көрсетілді.


Дәрістен соң оқушылар университеттің мұражаймен танысып, ұлт көсемі Д.А.Қонаевтың мұражайына барды. Мұражай қызметкері Д.Қонаевтың өмір жолы, елі үшін атқарған қызметтері мен жетістіктері туралы баяндап берді.

 

  alt=  

 

  alt=