қазақша · русский · english
   
  Main  News
25.11.2022

Дуальды топтың 1 курс студенттері NGS мектебінде музыка сабағын өткізді


«Бастауыш білім беру АКТ-мен» мамандығы 1-ші курс студенттері дуальды оқытудың өндірістік жоспары аясында «Музыка біздің айналамызда» тақырыбында дәстүрлі емес сабақ ұйымдастырды. Бағдарламада викторина, студенттердің мини-концерті, оқушылармен бірге шығармашылық хормен ән айту, 2-ші сыныпқа арналған «Музыка» оқулығының авторы Аскен Махановамен кездесу жоспарланды.


Іс-шараға қатысушылар өз пікірлерін білдірді.
Ибрагимова Алина, 1 курс студенті: 1 курстың өзінде-ақ біздің оқушылармен қарым-қатынас жасауға мүмкіндігіміздің болғаны өте қызық. Біз жаңа ұрпақ мектебін көріп отырмыз және біздің тәлімгерлеріміз осы үрдісті тікелей сол мекемеден көрсетті. Университетте біз оқу жоспарына сәйкес «Музыкалық-практикалық әрекет және вокалды хор орындау негіздері»» пәнін өткенбіз, осы пән аясында оқушылармен бірге музыка ойнауға мүмкіндігіміз болды. Біз өзіміз сабақтың сценарийін дайындап, әндерді жаттадық. Оқушылармен бірге біз тек мұғалім ғана емес, аз да болса әртіс болуымыз қажет екенін түсіндік.


Кіші мектеп оқушыларының академиялық үлгерімі департаментінің директоры Раушан Бекмуратова: Биылғы оқу жылында біз алғаш рет ERASMUS+ бағдарламасы  бойынша  Жоғары білім беру әлеуетін арттыру (ЕС 618835-EPP-1-2020-1-KZ-EPPKA2-CBHE-SP  жүзеге асыру мерзімі: 15.01.2021-14.01.2024) KAZDUAL жобасы аясында NGIntern жобасын аштық. Бастауыш білім беру кафедрасымен (кафедра меңгерушісі Жумабаева Азия) бірлесіп, біз өндірістік оқытудың әртүрлі нысандарын тексеріп көрудеміз. Бүгін біз осындай оқытудың арқасында 1-ші курс студенттерінің оқушылармен өткізген қызықты іс-шарасының куәсі болдық.


2-сынып оқушысы: Бізде бұрын-соңды осындай ерекше музыка сабағы болған емес. Жас мұғалімдер бізбен бірге ноталарды қайталады, ән айтты, біз ноталардың қай сызықтарға жазылатынын білдік, барлық жұмбақтарды шештік, мульфильдердегі әуендерді анықтадық.


Бастауыш білім беру кафедрасының доценті Аскен Маханова: 1-ші курс студенттері эдвайзерлері Акпаева Әселмен бірге шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, осындай сабақ өткізуге ерекше дайындықпен келгендерін атап өткім келеді. Өндірістік оқыту кезінде бастауыш сыныптардың музыка пәні мұғалімі ретінде сезіну оларға оқыту, тәрбиелеу және дамыту үдерісін терең түсінуге мүмкіндік береді. 

 

  alt=  

 

  alt=