қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
08.05.2020

2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру конкурстары 

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға екі конкурс жариялады. Гранттық қаржыландырудың дәстүрлі түрлерімен қатар жаңа түрлері де енгізілді.


Жеке немесе бес адамға дейінгі зерттеу топтарының жекелеген ғылыми міндеттерді шешуіне бағытталған, мерзімі 12 айға дейінгі шағын гранттар.


Шетелдік ғалымдармен және ғылыми ұжымдармен ынтымақтастық аясында ірі ғылыми мәселелерді шешуге бағытталған 27 ай мерзімге берілетін халықаралық коллаборацияға арналған гранттар.Конкурстық өтінімдер 2020 жылғы 11 мамыр мен 26 маусым аралығында https://is.ncste.kz сілтемесі бойынша «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі арқылы электронды түрде қабылданады.


Гранттық қаржыландыруға конкурстық құжаттама 1


Гранттық қаржыландыруға конкурстық құжаттама 2