қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
19.06.2020

ҰБТ 21 маусым күні басталады


21 маусым күні тек 6,5 мың талапкер емтихан тапсырады.

ҰБТ-ның алғашқы күні 161 пунктің 51-і ғана істейді, оның 44-і ауылдық жерлерде орналасқан. Орташа есеппен 1 ҰБТ тапсыру пунктіне 120 адамнан келеді

21 маусым мен 5 шілде аралығында тестілеу тапсырылатын ағындардың жалпы саны 15-ті құрайды. Аудиторияны тек 50%-ға дейін толтыруға болады. Сәйкесінше, жобалық қуаттылық ҰБТ-ны 6 күннің ішінде өткізуге мүмкіндік бергенімен, шағын ағындарды жинақтау үшін тестілеу 15 күннің ішінде жүргізіледі.

ҰБТ өткізілетін әрбір пункте медициналық-санитарлық сипаттағы күшейтілген шаралар қабылданатын болады:

- дезинфекциялық тоннельден өту;
- арнайы дезинфекцияланған кілемшеде аяқ киімдерді зарарсыздандыру;
- дене қызуын өлшеу;
- қолды зарарсыздандыру сұйықтығымен өңдеу;
- медициналық маскалар беру.

Ақпарат көзі: @edu_news_qz