қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
29.06.2020

Магистратураға түсуші түлектер назарына!

 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығымен бекітілген ЖЖОКБҰ 2020 жылы магистратураға түсушілерден кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерін қабылдау Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы 2020 жылдың 15 маусымы-15 шілдесі аралығында жүргізіледі.

 

Магистратураға түсушілерге арналған шығармашылық емтихандар 2020 жылдың 20 - 28 шілде аралығында өткізіледі.

 

2020 жылы магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге қатысушылар ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиясына жүгінбей дербес (өз бетімен) өтініш береді.

 

Өтініш беру үшін түсуші: 

1. https://egov.kz сайтында модильдік азаматтар базасына тіркеледі;

2. https://did.gov.kz сайтында Digital.ID-цифрлық паспортын құрады;

3. Орталықтың https://pvo-zayav.testcenter.kz сайты арқылы тіркеліп, кешенді тестілеуге қажетті мәліметтерді толтырады.


Бұл ретте түсуші жоғары білім мамандығына сәйкес магистратурадағы білім беру бағдарламаларының тобын таңдауы қажет.

 

Сонымен бірге кешенді тестілеуге төлем бағдарламалық кешен арқылы онлайн жасалады.

 

Барлық қосымша сұрақтар бойынша 8(7172) 69-50-97, 69-52-74, 69-52-73 телефондарына хабарласуға болады.