
 
|  Main /
Announcements 
07.08.2020 Халықаралық онлайн-дөңгелек үстел «Әлем таныған Абай» 
 Абай университетінің стратегиясы аясында, Абай күніне орай, 2020 жылдың 10 тамызында сағат 15: 00-де «Әлем таныған Абай» халықаралық онлайн-дөңгелек үстел өтеді. Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған шараға Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Лубков Алексей Владимирович (Ресей); Баку мемлекеттік университетінің Абай орталығының директоры Дурсунова Фатима Аскеровна, (Әзірбайжан); дипломат, қоғам қайраткері, мәдениеттанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әуезов Мұрат Мұхтарұлы; оқытушы, әдебиеттанушы Әуезова Зифа-Алуа; Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің профессоры, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Өтепбаев Нұрбұлан Нұғыманұлы; шетелдегі Абай орталықтарының барлық өкілдері шақырылды: 
 Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінде (Ресей) 
 Дөңгелек үстелдің спикерлері: 
 
 Дөңгелек үстелді ұйымдастырушылар: Шетелдік азаматтарға арналған филология мамандықтары және университетке дейінгі дайындық факультеті, Абай атындағы ҚазҰПУ-дегі «Хакім Абай атындағы ғылыми-зерттеу институты», Абай атындағы ҚазҰПУ-дың халықаралық ғылыми және мәдени байланыстар бөлімі. 
 Іс-шара ZOOM алаңында өтеді. Университеттің барлық қызметкерлері мен профессорлары шақырылады. 
 
 
 |