қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
25.01.2021

Шетел азаматтары үшін оқуға қабылдау жарияланды


Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасы келесі бағыттар бойынша оқуға қабылдайды:

- Абай атындағы ҚазҰПУ-дың куәлігін бере отырып, қазақ және орыс тілдерінің тілдік курсын оқытады.
- «Орыс тілі шетел тілі ретінде» мамандығы бойынша бакалавриат, магистратура, докторантура.
- Барлық деңгейдегі орыс тілі шет тілі ретінде TORFL сертификаттау емтиханын тапсыруға дайындық.

 

Оқу құны (академиялық жыл)

Қазақ және орыс тілдерінің тілдік курстары - 600 000 теңге

Бакалавриат - 670 000 теңге

Магистратура - 700 000 теңге

Докторантура - 1 307 000 теңге

TORFL - 50 000 теңге (айына)

 

Орыс тілін үйренуді бастағысы келетін немесе орыс тілін меңгеру білімі мен дағдыларын жақсартқысы келетін шетел азаматтарын жазғы тілдік мектебіне (маусым - тамыз) шақырамыз.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасында оқуды таңдаған шетел азаматтарына визалық қолдау көрсетіледі.

 

Студенттік жатақханада тұру мүмкіндігі ұсынылады.

 

Курстар бойынша ақпарат алу үшін:

Бегалиева Сәуле Баязқызы (кафедра меңгерушісі) +7 702 777 1604 sbegalieva@mail,ru

Айтқазина Тоғжан Телманқызы +7 701 5149697 togzhan19@mail.ru

Мымытбекова Ляйля Қадырқызы +7 707 227 6826 lyailya71@mail.ru