қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
15.02.2021

Құрметті түлек!

Абай атындағы ҚазҰПУ-ға асығыңыз!

 

Сізді, еліміздегі ең үздік және ең алғашқы жоғарғы оқу орындарының бірі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Әлеуметтік ғылымдар (Психология)» білім беру бағдарламасы үш сатылы «бакалавриат-магистратура-докторантура PhD» мамандар даярлаудың заманауи жүйесі бойынша, «6В03105-Психология: Практикалық психологтарды даярлау» жоғары кәсіби психолог-бакалаврларын, «7М031-Психология» мамандығы бойынша әлеуметтік білімдер магистрларын және «8D031-Психология» PhD докторларын даярлайды. Оқыту көптілді, яғни, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүзеге асырылады. Бұл айтарлықтай Сіздің бәсекеге қабілеттілігіңізді арттыруға мүмкіндік жасайды!

 

Оқу мерзімі: бакалавр - 4 жыл (қашықтан оқыту 3 жыл, 2 жыл), магистратура - 2 жыл, докторантура -3 жыл

 

Оқуға ҰБТ, әңгімелесу (қашықтан оқыту бөліміне) нәтижесі негізінде қабылданады.

 

Кафедрада білікті жетекші мамандар жұмыс жасайды, оның ішінде: 5 - психология ғылымдарының докторы, 8 - психология ғылымдарының кандидаты, доцент және тәжірибелі магистр- аға оқытушылар.


Психология мамандығы бойынша оқу:

- Студенттер мен магистранттар кәсіби тәжірибелерден өту мүмкіндіктерімен қамтамасыз етіледі:

- білім орындарының барлық түрлерінде;
- спорттық және шығармашылық ұйымдарда;
- денсаулық ұйымдарында;
- әлеуметтік қызметтерде, психологиялық даму орталықтарында және қызметпен қамтамасыз ету орталықтарында;
- қоғамдық пікірлерді және саяси технологияларды оқыту орталықтарында ;
- кәсіпорындар мен бизнес орталықтарында;
- құқық қорғау органдары мен пенитенциярлық орындарда.


Мамандық бойынша оқыту келесі дағдыларды қалыптастырады:

- психодиагностикалық зерттеулерді жүргізуге;
- түзету-дамыту мен тұлғалық өсу

- психологиялық тренингтер, психологиялық кеңес беру және психопрофилактикалық жұмыстарды жүргізу;
- психология бойынша ғылыми зерттеулерді жүргізу.

 

Докторантурада білім алушылар шетелдік ғылыми жетекшімен қамтамасыз етіледі, бұл ғылыми жұмысты әлемдік стандарттар деңгейінде жүзеге асыру мүмкіндіктерді кеңейтеді, сонымен қатар ғылыми жұмыста психологиялық ғылымдар саласында жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануға мүмкіндік береді.

 

Психолог - Қазіргі және Болашақтың заманауи мамандығы

 

Уақытты: 25 ақпан 2021 жыл, 15:00 PM Алматы

 

Конференцияға кіру сілтемесі:

https://zoom.us/j/91449598599?pwd=aEVoZWp2SmVESkVuOEVuY0tXWnk1Zz09 

 

Конференция идентефекаторы: 914 4959 8599


Кіру коды: 881394