қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
30.11.2017

ҚазҰПУ-да «Шапағат» студенттерге сандық қызмет көрсету орталығы ашылды

 

Бүгін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ректор Такир Балықбаевтың бастамасымен «Шапағат» студенттерге сандық қызмет көрсету орталығы ашылды.

 


 

ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен ҚазҰПУ-дың Байқау кеңесінің шешіміне сәйкес Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту және білім беру жүйесін өзгерту туралы тапсырмаларды орындау аясында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Шапағат» студенттерге сандық қызмет көрсету орталығы  құрылды.

 

«Шапағат» студенттерге сандық қызмет көрсету орталығын салтанатты түрде Университет ректоры Такир Балықбаев пен Алматы қаласы Медеу ауданының әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев ашты.

 

Такир Балықбаев ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында ашылған сандық қызмет көрсету орталығының ашылу салтанатымен құттықтай отырып, орталықтың қызмет көрсету жүйесімен таныстырып өтті. Сөз кезегінде  Ғани Майлыбаев: «Бүгінгі «Шапағат» орталығының ашылуы киелі қара шаңырығымыздағы айтулы оқиға. Бұл Такир Оспанұлының Университет қызметін жаңаландыру бағытына  қосқан үлесі. Студенттерге сандық қызмет көрсету орталығы қоғаммен байланысты жетілдіру, яғни студенттердің уақытын, қаржысын үнемдеу мақсатында жасалынып жатқан жаңа жүйе», - деп атап өтті.

 

 

«Шапағат» орталығы көпфункциональдық «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс атқаратын орталық. Мұнда студенттер, магистранттар мен докторанттар студенттік, халықаралық академиялық ұтқырлық секторы, тіркеуші кеңсесі, паспорт үстелі, еңбекпен қамту және Астана банкі мен қаржы және т.б. қызмет бөлімдері ұсынылып, арнайы мамандардың қолдауына ие болатын болады.

 

Аталмыш орталықта орналасқан «Астана Банк» АҚ өкілдері студенттерге «мобильдік ұсыныс» бойынша қызмет көрсетеді. Банк өкілі студенттер оқу ақысын мобильдік телефон арқылы төлейтін мүндіктерге ие болды. Шәкіртақыларын «Gold» картасымен және жеке тұлғаларға арналған «мобильдік ұсыныс» арқылы қызметтер көрсетіледі. Қаржы тапшылығынан оқу ақысын төлей алмаған студенттің ата-анасына арнайы жеңілдікпен несие беріледі. Банк тарапынан студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығындағы «Астана банк» АҚ өкілдері жүзеге асырады.

 

«Шапағат» орталығында студенттер, магистранттар, докторанттар және ата-аналар қажетті құжаттарды, ауысу, қабылдау сынды анықтамалар, білім беру бағдарламалары бойынша кеңестер, қаржылық және басқа да сұрақтар бойынша ақпараттар алатын болады.

 

 

Авторы: Римма АБДЫҚАДЫРҚЫЗЫ,

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім бастығының орынбасары

30.11.2017ж.

Ақпарат көзі: dalanews.kz