қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
24.02.2021

Құрметті студенттер мен магистранттар!

 

Сіздер үшін университетімізде «My Kaznpu» студенттік апталығы бастау алды. Бұл іс-шара барысында интеллектуалды сайыстар ғана емес, салауатты өмір салты бойынша жарыстар, атап айтқанда: футбол; волейбол; шахмат, сондай-ақ театр қойылымдары және пікір-сайы турнирі өтеді.

 

Жеңімпаздар университет басшылығынан бағалы және ақшалай сыйлықтар алады. Бірінші орын үшін - 30 000 тг, екінші орын үшін - 25 000 тг және үшінші орын үшін-20 000 тг, ынталандыру сыйлықтары -10 000 тг.

Бұл 2021 жылдың алғашқы офлайн студенттік апталығы, белсене атсалысыңыздар!

 

Ұйымдастырушы - Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменті, Жастар ісі жөніндегі комитеті.

 

Студенттік апталық жоспары


Бейнеролик