қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
02.03.2021

Бірегей мүмкіндік!

Енді халықаралық TOEFL ITP емтиханын Абай атындағы ҚазҰПУ-де тапсыруға болады

 

TOEFL ETS Global компаниясының ресми аккредиттелген өкілі Абай атындағы ҚазҰПУ TOEFL ITP емтиханын өткізеді.

 

Емтиханның бірінші легі 2021 жылы 8 сәуірде өтеді.

 

Емтиханның бірінші легіне өтінімдерді қабылдау 2021 жылғы 28 наурызға дейін жүзеге асырылады.

 

Келесі емтихандар өтініштердің түсуіне қарай өткізіледі.

 

Емтихан бағасы-35 000 теңге.

 

ҚазҰПУ білім алушылары мен ПОҚ үшін-30 000 теңге

 

TOEFL ITP кімге керек?

- магистратураға, докторантураға түсушілерге;

- орта мектеп, колледж және ЖОО мұғалімдеріне;

- компания қызметкерлеріне, студенттерге және оқушыларға;

 

Тестке жазылу үшін не қажет?

 

Тест тапсыру үшін сізге қажет құжаттар:

- жеке куәлік көшірмесі;

- төлем туралы түбіртек;

 

 

Тестке тіркелу үшін сканерленген құжаттарды k1mukhanova@gmail.com  эл.поштаға жіберу керек.

 

Тіркелуге арналған сілтеме: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScr3acJxNczDJfeN0GKfp2SBGkalWMHvVEL6Bjx2B7MHy4u5A/viewform?usp=sf_link

 

 

Тестті қалай төлеуге болады?

 

Төменде көрсетілген деректемелер бойынша аудармамен:

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Заңды мекенжайы: 050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы, №13 үй

ИИК: KZ178560000000086696

БИК: КСJBKZKX

БИН: 031240004969

 

Қосымша ақпарат үшін байланыс деректері: Таджиева Маржан, Муханова Қарлығаш, Тел. +7 7017619108, +77772730016, эл.мекен-жайы: k1mukhanova@gmail.com

 

 

Халықаралық ынтымақтастық департаменті