қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
16.03.2021

Құрметті әріптестер!

 

2021 жылдың 20-21 мамырда Алматы қаласындағы Абай атындағы ҚазҰПУ-да қазақтың көрнекті ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған «Поэтика және өлеңтану мәселелері IX» халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді.

 

Келесі секциялардың жұмысы жоспарлануда:

1. Мұқағали Мақатаевтың тағдыры мен поэзиясы

2. Поэтикалық мәтін және өлеңтану дәстүрлері

3. Көркем мәтінді түсіндіру мәселелері

4. Көркем мәтінді зерттеудің лингвистикалық аспектілері

5. Компаративистика және аударма теориясы мәселелері

6. Мектепте және ЖОО-да филологиялық пәндерді оқытудың ғылыми-әдістемелік мәселелері

 

Конференцияның жұмыс тілдері - орыс, қазақ, ағылшын.

 

Конференцияның басында қағаз және электронды нұсқада материалдар жинағын шығару жоспарлануда.

 

Қатысушылар үшін мақала басып шығару тегін.

 

Конференцияны өткізу нысаны эпидемиялық жағдайға байланысты (офлайн немесе онлайн)

 

Конференцияға қатысу үшін өтінімдер және баяндама мәтіндері 2021 жылғы 25 сәуірге дейін мына электрондық адрес бойынша қабылданады: poetika-kaznpu2021@yandex.ru

 

Ақпараттық хат