қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
29.04.2021

Латынәліпбиін меңгеру бойынша оқулықтардың тұсаукесері өтеді

 

2021 жылғы 30 сәуірде сағат 13.30-да ZOOM платформасында «Латын» ғылыми-практикалық орталығы жанындағы «Тілтұмар» бірлестігінің ұйымдастыруымен «Оқулық - білім арнасы» латынәліпбиін меңгерудің ғылыми-әдістемелік негіздерін оқытуға арналған кітаптардың тұсаукесері өтеді.

 

Шара барысында А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Тіл мәдениеті бөлімінің меңгерушісі Әміржанова Назира, Қазақ Британ техникалық университетінің қауымдастырылған профессоры Дәулетбекова Жанат, қауымдастырылған профессорлар Рахметова Райгүл мен Рауандина Айтжамал ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2018-2020 жылдарға арналған «Латын графикасына негізделген ұлттық әліпбиді меңгертудің әдістемесі» (филология мамандығында оқитын студенттер үшін ЖТН: AP05132846) грант жобасы бойынша баспадан шыққан еңбектерді таныстырып өтеді.

 

Тұсаукесерге мектеп мұғалімдері, Білім жетілдіру институттарының өкілдері, ЖОО оқытушылары, магистранттар мен докторанттар қатысады.

 

Идентификаторы:  893 2023 2654

 

Кіру коды:  054212

 

Cілтемесі:

https://us02web.zoom.us/j/89320232654?pwd=ajdzc1ZpMVdiUkFpZmJldEM2Mjc4UT09

 



251

Вернутся назад