қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
08.02.2018

Сорбонна-Қазақстан институтындағы диплом тапсыру салтанаты

 


 

Жақында Абай атындағы ҚазҰПУ жанын­дағы Сорбонна-Қазақстан институтында екідипломдық білім беру бағдарламасы бойынша 2015-2017 жж. білім алған 22 магистрантқа «Сорбонна Париж Сите» бірлестігінің мүшелері - Университеттерінің дипломын тапсыру салтанатты рәсімі өтті.

 

2014 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университеті мен Сорбонна Париж Ситэ бірлестігімен ынтымақтастық аясында Қазақстан Республикасының Прези­денті Нұрсұлтан Назарбаев және Франция Республикасының Президенті Франсуа Ол­ландтың қатысумен Сорбонна-Қазақстан инс­титуты құрылды. Бұл жоғары білім мен ғылым саласындағы ауқымды ортаазиялық, бакалавриат («Менеджмент», «Маркетинг», «Халықаралық қатынастар», «Халықаралық құқық», «Психология», «География») және екідипломдық магистратура («Жаһандану кезеңіндегі халықаралық келісім» және «Қа­зір­гі әлемдегі өзгерістерді басқару») бағ­дар­ла­малары бойынша кадрларды француз тілінде даярлауға бағытталған жоба.


Түлектерге диплом тапсыру салтанатты рәсіміне Қазақстандағы Францияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Филипп Мартине, Париж-Дидро Университетінің халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі вице-президенті Антуан Казе, Шығыс тілдері және өркениеттері ұлттық институтының (INALCO) халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі вице-президенті Анн Гринберг, «ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы» Қорының атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың бірінші проректоры Мақтағали Бектемесов, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Ақтолқын Құлсариева, Сорбонна-Қазақстан Институтының теңдиректорлары Гүлмира Нурлихина, Мари-Анн Серв қатысты.


Салтанатты іс-шараның ашылуында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың бірінші проректоры Мақтағали Бектемесов Сор­бон­на-Қазақстан Институты халықаралық жо­­­ба­­­­сы­ның және екідипломдық қазақстан-фран­­цуз бағдарлама­сының маңыздылығына тоқ­талып өтті. Біті­руші түлектердің алдағы еңбектеріне сәттілік тілеп, сөз кезегін Филипп Мартинеге берді.


Қазақстандағы Францияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Филипп Мартине түлектерді құттықтап, қазақстан-француз ынтымақтастығындағы білім беру және ғылым салаларын дамытуға қосқан үлестері үшін Университет басшылығына және Сорбонна-Қазақстан Институтының оқы­ту­шы­ларына алғысын білдірді.


«Сорбонна-Қазақстан Институтын­да біз­­дің болашағымыз құрылуда. Қазіргі таң­да Франция - білім беру саласы бойынша әлем­де алдыңғы қатардағы ел және старт­аптар мен инновациялық теxноло­гиялар елі. Францияда ең үлкен бизнес-инкубатор орналасқан. Франция мен Қа­зақстан стратегиялық әріптестікті дамыту бағытында елімізде білім алатын қазақ­стандық студенттер санын көбейту керекпіз. Осы мақсатта біз ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевпен бірлесе қазақ­стандық білім алушыларға арналған Абай Құананбаев жә­не Жюль Верннің атымен аталатын жаңа білім беру бағдарламасын іске қостық. Фран­ция үкіметі «Абай-Верн» білім беру бағ­дарламасын Халықаралық бағдар­ламалар орталығымен бірлесе қар­жы­лан­дыратын болады», - деді Филипп Мартине.


Іс-шара барысында Игорь Рогов, Анн Гринберг және Антуан Казе құт­тық­тау сөз сөйлеп, бітіруші түлектерге табыс тіледі. Диплом тапсыру салтанатты рәсі­м­нің қонақтары Сорбонна-Қазақстан Инс­титу­ты­ның түлектеріне дипломдарын табыс етті.


Диплом тапсыру салтанаты мерекелік концертпен аяқталды.

 

Авторы: Римма Жанбаева

08.02.2018 ж.

Ақпарат көзі: economics.kazgazeta.kz