қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
07.06.2021

«Абай атындағы ҚазҰПУ: жоғары педагогикалық білім беру тәжірибесі мен мәселелері» - алдағы жазғы мектептің тақырыбы

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың жалпы университеттік іс-шаралар жоспарына сәйкес 2021 жылдың 14-18 маусым аралығында университетінің оқытушылары мен қызметкерлеріне арналған «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті: жоғары педагогикалық білім беру тәжірибесі мен мәселелері» тақырыбында Жазғы мектеп өткізіледі. Өткізу формасы - онлайн. Жазғы мектеп аясында 12 сессия және «Білім берудегі цифрлық құралдар» (40 сағ.) тақырыбында біліктілікті арттыру курстары жоспарланған.

 

Университет оқытушылары мен қызметкерлерін көрсетілген санаттарға сәйкес сессия жұмысына қатысуға шақырамыз.

 

Жазғы мектеп кестесі