қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
30.07.2021

Абая атындағы ҚазҰПУ-дағы талапкерлерге арналған жеңілдіктер туралы ақпарат

 

Абай атындағы ҚазҰПУ талапкерлерге 2021-2022 оқу жылына төмендегідей жеңілдіктер ұсынады:
✅ «Алтын белгі» иегеріне 50% жеңілдік, ол үшін ҰБТ нәтижесі 90 балдан кем болмауы керек;
✅ «Үздік аттестат» иегеріне 25% жеңілдік, ол үшін ҰБТ нәтижесі 90 балдан кем болмауы қажет;
✅ Колледж бітіруші «Үздік» диплом иегеріне 25% жеңілдік;
✅ «Абай сыйы» пәндік олимпиадасы жеңімпаздарына жеңілдіктер:
1 орын - 50%;
2 орын - 30%;
3 орын- 20%;
ҰБТ-ның бейіндік пәндері мен олимпиадаға тапсыру пәні сәйкес келген жағдайда.
✅ Халықаралық, республикалық олимпиадалар мен жарыстардың «Ерекше жетістіктері үшін» 50% жеңілдік;
✅ Көрші елдерден қоныс аударатын этникалық қазақтарға «Отандастар» жеңілдігі - 25%;
✅ Абай атындағы ҚазҰПУ-дың магистратурасына және докторантурасына түсетін университетіміздің оқытушыларына, қызметкерлеріне және түлектеріне арналған «Abai University түлектері» жеңілдігі;
- Магистратураға түсуші түлектер үшін 20%;
- PhD докторантураға түсуші түлектер үшін 30%;
✅ Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі бастауыш және орта білім беру мұғалімдеріне және оқытушыларына «Педагог» жеңілдігі - 30%.
✅ ҰБТ нәтижесі бойынша жоғары балл жинаған түлектер үшін:
- 110-124 балл - 25% жеңілдік;
- 125-140 балл - 50% жеңілдік.
✅ Шығармалары емтихан қорытындысы бойынша және ҰБТ-дан жоғары балл жинаған түлектер үшін:
- 95-105 балл - 25% жеңілдік;
- 106-125 балл - 50% жеңілдік.