қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
24.08.2021

Жоғары оқу орнына құжаттарды қабылдау мерзімі ұзартылды


Құрметті талапкерлер! Сіздер үшін жақсы жаңалықпен бөліскіміз келеді. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті жоғары оқу орындарына түсу үшін құжаттарды қабылдау мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдады. Құжаттарды қабылдау 2021 жылдың 28 тамызына дейін ұзартылды.

Құжаттарды қабылдау офлайн және онлайн форматында жүзеге асырылады. Құжаттарды онлайн тапсыру: https://univer.kaznpu.kz/abiturient_user/login/.
Бұл мүмкіндік білім беру гранттарының иелеріне де, ақылы негізде оқуды жоспарлап отырғандарға да беріледі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жоо-ға қабылдау үшін құжаттарды 25 тамызға дейін тапсыру қажет болатын.

Білім беру гранты иегерлерінің өтінімдері eGov.kz электронды үкімет порталы арқылы қабылданады.


Ақылы негізде оқу үшін жоғары оқу орындарының виртуалдық қабылдау комиссияларына жүгіну қажет. Олардың тізімі ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының сайтында орналастырылған.