қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
24.08.2021

Жатақханалар кешенінің құрылысын жүзеге асыру үшін

инвестициялық ұсыныстарды қабылдау жарияланады

 

«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, әлеуетті инвесторлардан университетке арналған жатақханалар құрылысын жүзеге асыру үшін инвестициялық ұсыныстарды қабылдауды жүзеге асырады.

 

Жатақхана құрылыс жобалары бойынша Қазақстан Республикасы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 05 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауы негізінде бастамашылық еткен бес әлеуметтік бастаманың үшіншісін іске асыру шеңберінде жүзеге асырылады. Студент жастардың тұру жағдайларын жақсарту мақсатында уәкілетті органдар мен жоғары оқу орындары және колледж басшыларының алдына 2022 жылдың соңына дейін студенттерді 75 мыңнан астам төсек-орынмен қамтамасыз ету міндеті қойылды.

 

Жобаларды іске асыру, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 464 бұйрығымен бекітілген студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидалары бойынша жүзеге асырылады.

 

Ұсыныстар 2021 жыдың 25 тамызы мен 3 қыркүйек аралығында он күнтізбелік күн ішінде Алматы қаласы, Достық даңғылы 13, 050010, №223 кабинет мекен-жайы бойынша қабылданады. Байланыс тел.: 8 (727) 291-40-19, 8 (777) 214-46-00, эл.пошта: Yur.otdel_kaznpu@list.ru.

 



40

Вернутся назад