қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
11.10.2021

Студенттердің Алматы мұражайларына саяхаты

 

2021 жылы 12-28 қазан аралығында «Рухани жаңғыру» орталығының ұйымдастыруымен Абай атындағы ҚазҰПУ институттарының 1-ші курс студенттеріне арналған «Алматы мұражайларына саяхат» рухани-танымдық күндері басталады.

 

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру - болашаққа бағдар» мемлекеттік бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отырған шараның мақсаты - алыс аймақтардан келген студенттерді Алматының тарихы, мәдениеті, руханияты жинақталған материалдық құндылықтарымен таныстыру болмақ.

 

Осы орайда Алматы қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасының қолдауымен, Алматы қаласынан тыс шалғай аймақтардан келген студенттеріне «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК-не қарасты, Алматы қаласы экспозициялары мен көрмелерін тамашалауға мүмкіндік беріледі. Іс-шара барлық карантиндік талаптарды ескере отырып өткізіледі.

 

Қосымша ақпаратты институт басшылықтарынан алуға болады!

 

   

 

«Рухани жаңғыру» орталығы