қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
19.11.2021

Профессор Ж.Дәулетбекованың 60 жылдығына арналған «Әдістеме - шеберлік әлемі» дөңгелек үстелі өтеді


2021 жылдың 23 қараша күні сағат 10.00-де ZOOM платформасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Латын» ғылыми-практикалық орталығының «Тілтұмар» бірлестігі педагогика ғылымдарының докторы, профессор Жанат Тұрарбекқызы Дәулетбекованың 60 жылдық мерейтойы аясында «Әдістеме - шеберлік әлемі» тақырыбында сұхбат алаңын онлайн форматта өткізеді.


Әдістаным алаңында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Басқарма төрағасының орынбасары академиялық мәселелер жөніндегі проректор Ә.М.Бектемісов, Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы «Латын» ғылыми-практикалық орталығының директоры, ҚР ҰҒА корроспондент-мүшесі, Ф.Ш.Оразбаева, Филология және көптілді білім беру институтының директоры А.В.Таңжарықова, Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Н.Ә.Ильясова кіріспе сөз сөйлейді. Кіріспе сөзден кейін Дәулетбекова Жанат «Тілді оқыту әдістемесі: заманауи тенденциялар мен парадигмалар» тақырыбында дәріс оқиды. Шара барысын Алматы қаласы № 135 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Б.Мұхамеджанова, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2 магистранты М.Рүстемова, Алматы қаласы №95 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі А.Қосынғали, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3 курс студенті А.Жолдас шеберлік сабақ үлгілерімен жалғастырады.


Онлайн конференцияға ЖОО оқытушылары, Білім жетілдіру институттарының өкілдері, мектеп мұғалімдері, магистранттар мен докторанттар қатысады.

 

Конференция идентификаторы: 986 1872 2164


Конференцияға кіру коды: 548132


Конференция сілтемесі:

https://zoom.us/j/98618722164?pwd=L2pneE9wRUhlZVBYZjN0SWpqSGtBdz09


Алматы қаласы Достық даңғылы, 13. 320 дәрісхана