қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
22.11.2021

Инклюзивті білім беру мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтеді


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің инклюзивті және арнайы білім беру саласындағы педагог қызметкерлер мен мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі базалық ұйымы қоғамдық кеңесінің 2021 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес Абай атындағы ҚазҰПУ-і ҚР жоғары оқу орындары үшін инклюзивті білім беру жөніндегі ресурстық консультативтік орталық «Инклюзивті және арнайы білім беру саласындағы педагог қызметкерлер мен мамандарды даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.


Өткізу күні мен уақыты: 2021 жылы 22-ші желтоқсанда, сағат 14.00-де.


Қатысу формасы: қашықтықтан (on-line).


Ұйымдастырушы: ҚР жоғары оқу орындары үшін инклюзивті білім беру бойынша ресурстық консультативтік орталық


Дөңгелек үстел жұмысының тақырыптық бағыттары:
1. Білім берудің жаңа контексінде арнайы педагогтарды даярлауды жетілдіру.
2. Инклюзивті және арнайы білім беру саласындағы педагог қызметкерлер мен мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың проблемалары мен перспективалары.
3. Инклюзивті және арнайы білім беру саласындағы педагогикалық қызметкерлер мен мамандарды даярлауда ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету.


Атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша ғылыми еңбектер жинағы шығарылады. Жинақты жариялау тегін. Ұйымдастыру комитеті жарияланымдарды іріктеу құқығын өзіне қалдырады. Жариялауға қойылатын талаптар 1-қосымшада келтірілген. Материалдарды 2021 жылдың 10 желтоқсанына дейін осы электронды поштаға rkcio@mail.ru жіберу керек. Файл атауында автордың аты-жөні және жұмыс (оқу) орны көрсетілуі керек. Мысалы: Садықова К. С. Абай атындағы ҚазҰПУ.


Дөңгелек үстелге ғалымдарды, арнайы педагогтарды (дефектологтарды), докторанттарды, магистранттарды, студенттерді қатысуға шақырамыз.


Онлайн кездесуге қосылу үшін сілтеме:
https://us02web.zoom.us/j/85111693662?pwd=ZkREWGNkZVQ2RWRjcHJwTi93UmZEUT09


Конференция идентификаторы: 851 1169 3662 кіру коды: 358369


Ұйымдастыру комитетінің байланыс деректері: 87473472529 (WhatsApp) Бибігүл Амангелдіқызы