қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
24.11.2021

Көрнекті ғалым Б.Бірімжановтың 110 жылдығына арналған «Ұлағатты әулет» танымдық-дәріс өтеді

 

2021 жылғы 26 қарашасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі «Ұлы дала тұлғалары» орталығының ұйымдастыруымен Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, химия ғылымдарының докторы, профессор, университеттің 1932 жылғы түлегі Батырбек Ахметұлы Бірімжановтың 110 жылдық мерейтойына арналған «Ұлағатты әулет» тақырыбында тарихи-танымдық дәріс өтеді.

 

Шақырылған қонақтар: химия ғылымдарының кандидаты, Жоғары технологиялар институтының ғылыми қызметкері Р.Беремжанов, химия ғылымдарының кандидаты, профессор А.Сейітжанов, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.Шоқыбаев.

Кітап көрмесі ұйымдастырылады.

 

Кездесуге жас ғалымдар, докторанттар, магистранттар, студенттер қауымын Zoom платформасында қатысуға шақырамыз.

 

Өткізілетін орны: Достық, 13. 202 - зал.

 

Уақыты: 11:00-де

 

Конференция идентификаторы: 989 1510 5129

 

Қосылу коды: 107985