қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
30.11.2021

Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына арналған әдеби кеш өтеді

 

2021 жылдың 3 желтоқсанында «Алматыкітап» Кітап үйінде Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Өмір, мені  өз құшағыңа ал!» тақырыбында  әдеби кеш өтеді.

 

Кешке қатысатындар:

1. С. Әбішева - профессор, М. Мақатаев туралы кітаптардың авторы.

2. Т. Барышникова - Ресейдің Алматыдағы Бас консулдығының консулы, «Россотрудничество»  өкілі.

3. А. Байболов - Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, драматург.

4. Е.Власова - ЭЖМ ҒЗУ қауымдастырылған профессоры (Мәскеу, Ресей).

 

Іс-шараның өтетін орны: Алматы қаласы, Кітап үйі, Абай даңғылы, 37 (Н.Ә.Назарбаев даңғылының  қиылысы).


Өткізу уақыты: 2021 жылдың  3 желтоқсаны, 11.30.