қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
28.04.2018

Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік мәселесі талқыланды

 



Медеу ауданы әкімінің аппа­раты Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық универ­ситеті жанындағы Сорбонна институтымен бірлесе «Корпо­ративтік әлеуметтік жауапкер­шілік» тақырыбында семинар ұйымдастырды.

 

Семинар Қазақстан, Батыс елдері мен Тунис теориялары мен тәжірибелерін салыстырмалы талдау әдісімен КӘЖ бойынша аналитикалық және практика­лық тәсілдерді біріктіру мұратын көздеді. Сонымен қатар, КӘЖ теориясы мен тәжірибесін талқы­лау бойынша диалогты дамы­туға, сондай-ақ жаңа экономи­калық жағдайда корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті дамытудың жай-күйі мен келе­шегін талдаудың тиімді тәсілдері мен мүмкіндіктерін анықтау мақсатында өткізілді.

 

Семинардың тақырыбы кор­поративтік әлеуметтік жауапкер­шіліктің мәнін түсінуге, білімді кеңейтуге және бизнес пен мемле­кет тарапынан әріптестік қолдауды дамыту қажеттілігіне бағытталды.

 

Іс-шара барысында Алматы қаласы Медеу ауданындағы «корпоративтік әлеуметтік жауап­кершілік», «Батыс елде­ріндегі корпоративтік әлеуметтік жауап­кершілік модельдері», «Тунистегі корпоративтік әлеу­меттік жауап­кершілік», Фран­циядағы және Қазақстандағы корпоративтік әлеуметтік жауап­кер­шілік: «Orange» АҚ және «Қазақте­ле­ком» АҚ компания­лары мыса­лын­дағы салыстыр­малы талдау тақырып­тары төңіре­гінде талқы­лама өтті.

 

Семинардың практикалық маңызы тиімді қарым-қатынас орнату, бұқаралық ақпарат құрал­дарымен, іскерлік серіктестермен тиімді өзара әрекеттесу үшін кәсіп­орындардың, ұйымдардың, жергілікті атқарушы органдар мен қоғамның өкілдері арасындағы диалогты дамыту мүмкіндігімен байланысты. Бұл мәселелер КӘЖ-дің озық тәжірибелерін қарастыру, бизнес пен қоғам ара­сындағы өзара іс-қимыл аспекті­лерін талқылау барысында түсін­дірілді.

 

Ең озық тәжірибені тарату үшін мемлекеттік органдардың және бизнестің КӘЖ тәжірибесін заманауи жағдайларда тиімді тарату туралы ұсыныстарды әзірлеу жоспарлануда.

 

Семинар Қазақстанның КӘЖ саласындағы, Батыс елде­рінің, Тунис өңіріндегі озық тәжірибе­лермен алмасу бойынша түрлі елдердің мүдделі қатысу­шы­ла­рының ынтымақтастығының жақсы мысалы болып табылады.

 

Шараға Алматы қаласы Ме­деу ауданының әкімшілігі, Абай атындағы ҚазҰПУ, Сорбонна-Қазақстан институты, Париж Дидро университеті (Франция), EDC Париж Бизнес Мектебі (Франция), Бюро Веритас Қазақ­стан, Шольцфон Гляйх ЖШС және Медеу ауданы аумағында орналасқан шағын және орта бизнес, жоғары және арнайы орта оқу, денсаулық сақтау, жал­пы білім беретін мекеме өкілдері қатысты.

 

28.04.2018 ж.

Ақпарат көзі: almaty-akshamy.kz