қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
17.05.2018

Алматыда «Университет барысы» турнирінің жеңімпаздары анықталды

 


 

Студенттер боз кілемде өзара мықтыларды анықтады. Жоғары оқу орындары арасында өткен «Университет барысы» турниріне алматылық жастар қатысты. Абай атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 90 жылдығына орай өткен балуандардың бәсіне 120-дай спортшы қатысып, білекті мен жүректілер күні бойы күш сынасты. Жиырма шақты жоғары оқу орындарының атынан қатысып, қазақша күрестің үш салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаз атанған студенттер қомақты қаржыға ие болды.

 

«1-орынға - 150 мың, 2-орынға - 100 мың, 3-орынға - 50 мың теңге. Жастарды патриотты қылып, елін, Отанын сүйетін жастарды тәрбиелеп өсіру шараның мақсаты»,-деді ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ерғали Мұхитдинов.

 

17.05.2018 ж.

Ақпарат көзі: almaty.tv