қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
23.02.2022

Жас ғалымдар кеңесінің тренингі өтеді

 

2022 жылдың 25 ақпанында сағат 15:00-де Абай атындағы ҚазҰПУ Ғылым департаментінің ұйымдастыруымен Жас зерттеушілер кеңесінің «Ғылыми материалдарды іздестірудің тиімді жолдары» тақырыбында тренинг өтеді. Іс-шара бакалавр, магистр, PhD докторанттар және жас зерттеушілерге арналған.

 

Қарастырылатын сұрақтар:

- Google scholar, ERIC, Science researcher portal және т.б. іздестіру жүйелерін пайдалану;

- Scopus деректер базасын қолдану;

-ҚР БжҒМ БҒСБК ұсынған басылымдарды іздеу, мақалалар жариялау.


Тренинг гибрид форматта өтеді.

 

Офлайн: Абай атындағы ҚазҰПУ бас ғимараты, 202 каб.


Онлайн: Zoom ID: 996 9080 2907. Код: 040072.

 

Спикерлер:

1) Лайсханов Шахислам Ұзақбайұлы - PhD, постдокторант, Жас зерттеушілер кеңесінің төрағасы;

2) Қилыбаев Талғат Берікқазыұлы - PhD, постдокторант, Жас зерттеушілер кеңесі, ақпараттық комитет жетекшісі;

3) Өтемісова Арайлым Жұбатқанқызы - магистр, аға оқытушы, Жас зерттеушілер кеңесінің мүшесі.