қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
05.03.2022

«Абай атындағы ҚазҰПУ» КеАҚ комплаенс қызметінің басшысы, комплаенс-офицері мен маманының бос лауазымдарына конкурс жарияланады

 

«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі, 050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы 13, «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы, комплаенс-офицері және маманы бос лауазымдарына конкурс жариялайды.

 

Кандидаттардың құжаттарын қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.


Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:


Комплаенс қызметінің басшысы лауазымына жоғары білімі бар, құқық қорғау және мемлекеттік органдарда басшылық лауазымдарда кемінде 7 жыл жұмыс өтілі бар тұлға тағайындалады.

 

Комплаенс қызметінің басшысы білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын; Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Лицензиялау туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдары, білім беруді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, білім беру қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері, педагогика мен психология негіздері, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының негізгі ережелері, ұжымдық шарттар жасасу және әлеуметтік-еңбек; еңбек заңнамасы, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары, сапа саласындағы қоғамның саясаты мен мақсаттары, Сапа менеджменті жүйесінің құжаттары; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты, мүдделер қақтығысын шешу саясаты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі басқа да ішкі нормативтік құжаттарды білуі керек.

 

Комплаенс-офицерінің комплаенс қызметіне жоғары білімі бар, құқық қорғау және мемлекеттік органдарда басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар тұлға тағайындалады.

 

Комплаенс қызметінің комплаенс-офицері Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңдарын, білім беру қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының, ұжымдық шарттарды жасасу және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу тәртібі; еңбек заңнамасы, еңбекті қорғау ережелері мен нормалары, сапа саласындағы қоғамның саясаты мен мақсаттары; Еңбек және азаматтық заңнама, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың менеджмент жүйесі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты, мүдделер қақтығысын шешу саясаты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі басқа да ішкі нормативтік құжаттарды білуі керек.

 

Комплаенс қызмет маманы лауазымына жоғары білімі бар, білім беру ұйымдарында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар тұлға тағайындалады.

 

Комплаенс қызмет маманы Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Білім туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңдарын, білім беру қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, еңбек заңнамасын, Еңбекті қорғаудың Қағидалары мен нормаларын, сапа саласындағы қоғамның саясаты мен мақсаттарын; Еңбек және азаматтық заңнама, сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты, мүдделер қақтығысын шешу саясаты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі басқа да ішкі нормативтік құжаттарды білуі керек.

 

Конкурсқа қатысу үшін Корпоративтік хатшыға мынадай құжаттарды ұсынады:

1. өтініш;
2. конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3. резюме;
4. білімі туралы құжаттар мен қосымшалардың көшірмелері;
5. жұмыс орны (қолданыстағы не соңғы) бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6. соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама;
7. комплаенс қызметінің одан арғы қызметі бойынша өзінің көзқарасының презентациясымен таныстыру (тек басшы мен комплаенс-офицер үшін).

 

Конкурстың өтетін күні мен орны қосымша хабарланатын болады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде Корпоративтік хатшыға мына мекенжай бойынша тапсыру қажет: Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13, каб. 304, телефон: 8-747-988-0925; email: a.zhumadilov@abaiuniversity.edu.kz