қазақша · русский · english
   
  Main  News
25.05.2018

Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы ашылды

 

2018 жылғы 23 мамырда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Қазақстан Халқы Ассамблеясы» кафедрасының ашылу салтанаты және «Қазақстан Халқы Ассамблеясы ХХVI сессиясының шешімдері және Қазақстан Республикасы Президентінің «Бес әлеуметтік бастамасын орындауға байланысты міндеттер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

 

Ректор Такир Балықбаев құттықтау сөзінде «Қазақстан Халқы Ассамблеясы» кафедрасының ашылуы университет өміріндегі маңызды оқиға екенін атап өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясы - ұйымдық құрылым ғана емес, біздің өміріміздің ажырамас бөлігі, біздің бейбітшілік пен бірліктің символы. Елдің барлық этномәдени бірлестіктерінің күш-жігерін біріктіру арқылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев біздің көпұлтты елімізде конструктивті диалог пен өзара түсіністік қалыптастыруға қабілетті осындай ұйым құруға қолдау көрсеткендігін айтты.

 

Іс-шара барысында Қазақстан Халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Леонид Пропокенко және Қазақстан Халқы Ассамблеясы кафедралары ассоциясының президенті, экономика ғылымдарының докторы, профессор Анатолий Башмаков құттықтап, кафедраның жұмысына сәттілік тіледі. Сондай-ақ, жаңа кафедраға Леонид Прокопенко кітаптарын тарту етті.

 

Сонымен қатар мәжілісте Қазақстандағы әртүрлі ұлттық этно-мәдени бірлестіктерінің басшылары мен өкілдері, белгілі саясаттанушы ғалымдары Қазақстан Халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі,т.ғ.д, профессор Георгий Кан, Еврей этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Барон Александр, Ұйғыр этномәдени орталығының төрағасы Ахметжан Шардинов, «Барбанг» Күрд этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Князь Мирзоев, «Мемлекеттік тілге құрмет» ҚБ төрайымы Осман Асылы, Сорбонна-Қазақстан Институты «Халықаралық қатынастар» кафедрасының меңгерушісі Жомарт Симтиков, 1 курс студенті , студенттік «Бірлік» ассамблеясының мүшесі Екатерина Кучумиздзе баяндамалар жасады.

 

         

 

         

 

         

 

         

 

         

 

         

 

Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы