қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
13.07.2022

Құрметті талапкерлер!


2022 жылы мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау шілде күні басталып, шілдеге дейін жалғасатынын хабарлауға асықпыз!


Құжаттарды қабылдау ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯЛАРЫ арқылы жүзеге асырылады.


Шалғай аймақтарда тұратын талапкерлердің ыңғайы үшін ЖОО-да виртуалдық қабылдау комиссиялары жұмыс істеп, талапкерлерге бейне байланыс арқылы кеңес береді.


Конкурсқа қатысуға келесі құжаттар қажет:
- жеке куәлік;
- ҰБТ сертификаты;
- 3х4 көлеміндегі фото;
- орта білім туралы аттестат (техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының түлектері үшін диплом);
- № 075/у нысанындағы медициналық анықтама және № 063/у нысанындағы профилактикалық екпелер картасы;
- ер жігіттер үшін әскери тіркелу куәлігі;
- жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар.


Естеріңізге сала кетейік, талапкерлер 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өткен ҰБТ-ның екі нәтижесінің біреуін ғана конкурсқа ұсына алады.


Дұрыс таңдау жасап, грант иегері атануларыңызды тілейміз!



70

Вернутся назад