қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
06.12.2022

«Тіл білімінің атасы» әдеби-танымдық кеш өтеді

 

2022 жылғы 8 желтоқсанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Ғылыми кітапханасы мен Математика, физика және информатика институты бірігіп Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Тіл білімінің атасы» тақырыбында әдеби-танымдық кеш ұйымдастырады.


Әдеби-танымдық кештің негізгі мақсаты - ұлағатты ұстаздың, мемлекет және қоғам қайраткерінің құнды мұраларын дәріптеп, тәрбиелік іс-әрекетіне сүйене отырып, жастардың бойына адамгершілік, отансүйгіштік қасиеттер мен құнды мұраларды сіңіру. Ахмет Байтұрсыновв - қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени, тарихи өмірінде, жаңа ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеуде ерекше орын алатын тұлға.


Барлықтарыңызды кешіміздің қадірлі қонағы болуға шақырамыз!

 

Уақыт: 15:00

Өтетін жері: Төле би 86, 2 қабат, оқу залы