қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
10.03.2023

Құрметті әріптестер!

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Сіздерге ЖТН AP14871932 «Қазақстан қоғамының әлеуметтік тарихы мен мәдени жадының аудиовизуалды сюжеттері (ХІХ ғасырдың соңы - ХХІ ғасырдың басы)» ғылыми-зерттеу жобасы аясында ұйымдастырылған дәрістер топтамасы басталғаны туралы хабарлайды.

 

Көпшілікке арналған дәрістердің көктемгі топтамасына (2023 жыл наурыз-сәуір) аудиовизуалды материалдар бойынша өздерінің ғылыми әзірлемелерін ұсынатын зерттеушілер шақырылады.

 

Күзгі топтама үшін (2023 жыл тамыз-қыркүйек) жобалық зерттеу тобының жұмысының аралық нәтижелері ұсынылады.

 

2023 жылдың 11 наурызы мен 29 сәуірі аралығында қазақстандық және шетелдік зерттеушілер аудиовизуалды материалдарды зерттеуде қызықты тақырыптарда сөз сөйлейді.

 

Өткізу форматы: онлайн


Қосылу үшін сілтеме:

https://us06web.zoom.us/j/8807746662?pwd=NE90MjBseUdsYnlLMVZMTVVuYm0wZz09

 

Конференция идентификаторы: 880 774 6662

 

Кіру коды: P7S7Wb

 

Бағдарлама