қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
27.03.2023

Yessenov Data Lab 2023

 

Деректерді талдау онлайн мектебіне жас ғалымдарға арналған 20 грант

 

Yessenov Data Lab 2023 - бұл қазақстандық жас ғалымдардың алған білімдерін әрі қарай қолдану үшін, үлкен деректерді талдаудың базалық дағдыларына нақты практикалық жұмыстарда үйрету, сондай-ақ олардың коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған 4 апталық онлайн-интенсив.


Мектепті өткізу мерзімі: 12 маусым - 8 шілде 2023.

 

Қатысушылар саны: 20 адам.

 

Бағдарламаның шарттары:

Бағдарламаға қатысушылары: 18 жастан асқан ҚР азаматтары, жұмыс істеп жүрген ғылыми қызметкерлер, қазақстандық жоғары оқу орындарындардың техникалық және жаратылыстану-ғылыми мамандықтарында білім алып жатқан бакалавриат және магистратура, докторантура студенттері.

 

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

- күшті аналитикалық қабілеттер;

- Қазақстанда ғылыми қызметпен айналысуға және/немесе IT технологияларды дамытуға қызығушылығы пен ниеті;

- статистика және сызықтық алгебра негіздерін білу.

 

Өтінім берушіде келесі параметрлерге сәйкес келетін жеке жабдық (компьютер/ноутбук) болуы керек:

- CPU Intel Core i3 және AMD Ryzen 3 және одан жоғары

- RAM (RAM) 4 Гб және одан жоғары.

 

Артықшылық болып табылады:

- ғылыми салада қызығушылықтың болуы;- өзінің ғылыми мақалалары, материалдары, кез келген зерттеулердің нәтижелері, және басқалары;- бағдарламалау қабілеті;- B1 және одан жоғары деңгейде ағылшын тілін білу.

 

Оқыту тілі: орыс, техникалық ағылшын тілі элементтерін пайдаланылуы мүмкін.

 

Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2023 ж. 10 наурыздан 11 сәуірге дейін.

 

Қордың сайтында өтінімді толтыру және келесі құжаттарды ұсыну қажет:

1. Жеке куәліктің көшірмесі;

2. Транскрипт (барлық семестрлер) немесе бакалавриатты бітіргені туралы дипломның бағалары бар көшірмесі (магистранттар мен мамандар үшін);

3. «Мен деректерді талдауды үйренгім келеді» тақырыбындағы эссе (7 сөйлемнен кем емес және 750 сөзден артық емес);

4. Түйіндеме;

5. Үміткердің ғылыми зерттеулер саласындағы жетістіктерін және/немесе белгілі бір ғылыми салада білдірілген мүдделерін көрсететін Портфолио және тиісті растауларды ұсыну: меншікті ғылыми мақалалар, материалдар, қандай да бір зерттеулердің нәтижелері және т.б.;

6. Ағылшын тілін меңгергенін растайтын Сертификат (бар болған жағдайда).


«Yessenov Data Lab»  бағдарламасының ережесі


Бағдарлама

 

*Өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы «11» сәуірде Астана қ. уақыты бойынша сағат 15:00-де аяқталады (GMT+6). Қабылдау мерзімінен кейін келіп түскен өтінімдер қаралмайды.