қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
10.01.2019

Университет оқытушылары арасында қысқы спартакиада өтті

 


 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің оқытушылары арасында қысқы спартакиада өтті.

 

«Денсаулық-2019» атты жарыс спорттың 7 түрі бойынша ұйымдастырылды. 400-ден астам ұстаз волейбол, үстел теннисі, шахмат, футзал, арқан тарту, коньки және шаңғымен сырғанау бойынша мықтыны анықтады. Үш күнге созылатын шараға жоғары оқу орны қызметкерлерінің үштен бірі қатысып жатыр.

 

«Дені саудың жаны сау» демекші, дені сау халықтың қай уақытта болса да құлшынысы жақсы болады. Қазір студенттердің демалыс кезі. Мұғалімдеріміздің қолы біраз бос. Сол уақытты пайдаланып, міне, үш күндік мереке жасап отырмыз», - деді Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті түлектер қауымдастығының директоры Болатбек Нұрбатыров.

 

10.01.2019 ж.

Ақпарат көзі: almaty.tv