қазақша · русский · english
   
  Main  News
07.04.2015

Университет студенттері- олимпиада жүлдегерлері


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің бұйрығына сәйкес Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ базасында 5В011900 «Шет тілі": екі шет тілі мамандығы бойынша Республикалық олимпияда өтті. Шығыс тілдері бойынша олимпиада қорытындысында біздің университетіміздің студенттері жүлделі орындарды иеленді. Көрсетілген нәтиже Университеттің абырой беделін одан әрі жоғарылатуға және шығыс тілдеріне деген қызығушылықты арттыруға мүмкіндік туғызатын соңғы бірнеше жыл ішіндегі ең ірі жетістік болып саналады.
Республикалық Олимпиаданың жеңімпаздары арасында өткір және терең білімдерімен, жетістікке жетуде табандылығы мен жігерлігін көрсете білген мына жеңімпаздарды мақтанышпен атауға болады:

1. Бекмұхамбетова Мәдина , 4 курс, о/б - 1 орын (қытай тілі)
2. Пак Раиса, 4курс о/б - 2 орын (қытай тілі)
3. Амантурлиева Ақжарқын, 4 курс қ/б - 3 орын (қытай тілі)
4. Тұрмағанбетова Феруза, 4 курс қ/б - 3 орын (қытай)
5. Салмекеева Ақерке, 3 курс к/б - 1 орын (түрік тілі)
6. Есенәлі Ардақ , 4 курс к/б - 3 орын (түрік тілі)
7. Жолдыбаева Маржан 4 курс о/б - 3 орын (араб тілі)

Университетте студенттік команда дайындау үшін көп еңбек еткен шығыс тілдері кафедрасының оқытушылары ортақ жеңіске жетуге барынша ат салысты. Олардың ішінен т.ғ.к., университет провессоры Тохметов А.Т., аға оқытушылар Оразакын Ф. (қытай тілі), Сатбай Г. (түрік тілі), Оразова Р.К,. (араб тілі) атап өтуге болады.
Алға қойылған мақсаттарға жетуде өз ақыл-кеңестерімен қолдау көрсеткен, шығыс тілдері кафедрасының меңгерушісі, ЖМ МҒА академигі, профессор К.И. Мирзоевтың да осы үлкен жетістікке қосқан үлесі зор. Студенттер мен оқытушыларды жеңістерімен құттықтай отырып, халықаралық аренада көптеген жаңа белестерді бағындыра берулерін тілейміз!