қазақша · русский · english
   
  Main  News
28.02.2011

Бүгінгі Астана -- мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Елорда құрылысы -- жас мемлкетіміздің ұмтылысының, бүкіл қоғамымыздың жаңаруының ерекше символына айналған құбылыс. Бүгінде  Сарыарқаның төріндегі Астанамыздың мерейін асқақтату, жастардың бойында патриоттық рухты сіңіру және алда келе жатқан ҚР Президенттік сайлауында Елбасы      Н.Ә. Назарбаевтың кандидатурасын қолдау мақсатында ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен 2011 жылдың 16 ақпан күні облыс орталықтары мен Астана, Алматы қалаларында Құрманғазының «Сарыарқа» күйін бір мезгілде орындау іс-шарасы өткізілді.

Осы орайда Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті жанынан құрылған фольклорлық-этнографиялық ансамблі де аталған шараға атсалысты.