қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
07.11.2019

Жаңа әліпбиге қатысты тіл мамандарының ортақ тұжырымы талқыланды

 

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың тіл мамандары жаңа әліпбиді жетілдіру тапсырмасын орындау мақсатында Президент жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның Қазақ тілін латын графикасына көшіру жөніндегі жұмыс тобы, Халықаралық Түркі академиясы, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы, Назарбаев Университеті, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Абай атындағы ҚазҰПУ, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, т.б. республиканың басқа жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының тіл мамандары «Қазақ тілінің жаңа әліпбиі: Тіл мамандарының ортақ тұжырымы» тақырыбында өткен ғылыми-практикалық дөңгелек үстелде ғалымдар баяндама жасап, жаңа әліпби мәселесін жан-жақты талқылап, ортақ шешімге келді.

 

 

Конференция барысында академик Ө.Айтбаев, А.Байтұрсынлв атындағы Тіл білімі институтының директоры Е.Қажыбек, Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Т.Балықбаев, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл қазына» ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Ә.Асқар, т.б. ғалымдар жаңа әліпби мәселесінің өзекті мәселелерін талқылады.

 

Тіл мамандары осы конференция барысында 1991 жылы ұсынған Ортақ түркі әліпбиіне, 1992-1995 жылдары халықаралық конференциялардың қарарларына сәйкес, 2006-2015 жылдар аралығында БҒМ ҒК Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты зерттеулері нәтижесі бойынша, 2012 жылғы 1 желтоқсанда түркі тілдес мемлекеттердің «Türk Keneşi» халықаралық ынтымақтастық ұйымының ұсынысына сәйкес және де 2015-2016 жылдары Халықаралық Түркі академиясының ғылыми зерделеуі мен соның қорытындысына орай ұсынылған қазақ тілінің латын графикасы негізіндегі ұлттық әліпбиінің нұсқасын негзіге алды. Соның нәтижесінде ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның Қазақ тілін латын графикасына көшіру жөніндегі жұмыс тобының 2017 жылы тамыз айында бекіткен әліпбиі негізінде бірауыздан төмендегі Қазақ тілінің латыннегізді әліпбиін қабылдады:

 

A a Ğ ğ L l S s

Ä ä H h M m Ş ş

B b İ i N n T t

Ç ç I ı Ŋ ŋ U u

D d Y y O o Ü ü

E e J j Ö ö V v

F f K k P p W w

G g Q q R r Z z

 

Ескере кететін мәселе: 1. [й] дыбысы y әрпімен беріледі; [і] дыбысының [ы] сыңары ұқсас ı таңбасымен беріледі; w әрпімен қазақтың төл дауыссыз дыбысы таңбаланады: taw, sawap. 2. Халықаралық практикаға сәйкес, кейбір кірме дыбыстар төл дыбыстарды таңбалайтын әріптермен беріледі. Бұл мәселе арнайы ережемен реттеледі - [і] әрпімен төл сөздерде [і] дыбысы (ini, kim, til, din) және кірме сөздерде [и] дыбысы (ministr, internet [министр, интернет]) таңбаланады; [u] әрпімен төл сөздердегі [ұ] дыбысын да (ult, tul, tur, Nur-Sultan), кірме сөздерде кездесетін дауысты [у] дыбысы да (universitet, prokuratura) таңбаланады.

 

Авторы: Эльвира Серікқызы

07.11.2019 ж.

Ақпарат көзі: egemen.kz