қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
14.11.2019

Ректордың «Open space» форматында кездесуі өтті

 


 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Open space» форматында ректор Такир Балықбаев жұртшылықпен кездесу өткізді. Кездесуге проректорлар мен департамент директорлары, студенттік ректорат мүшелері қатысты. Осы кездесу барысында жетпістен астам өтініш қаралды.

 

Университеттің Баспасөз қызметінен хабарлағанындай, кездесу барысында оқу ақысы, бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысу, жатақхана жағдайын жақсарту және оқу үдерісіндегі ұйымдастыру жұмыстары, басқа да әлеуметтік маңызы бар мәселелер туралы сұрақтар қойылды. Әр өтініш беруші ректормен және университеттің басқа да басшыларымен бетпе-бет сөйлесіп, ұсыныстарын ашық айтуға мүмкіндік алды. Бұл кездесуде студенттер мен олардың ата-аналары көкейкесті мәселелерін емін-еркін ортаға салды.

 

Университет басшылары өздерінің құзіреттеріне қатысты сұрақтарға дәйекті жауап берді. Барлық өтініш берушілермен тікелей байланыс орнатқан университет ректоры «Open space» қатысушыларының мәселелерін өз басшылығына алды.

 

Ректормен кездесуге келген студенттер мен ата-аналар көптеген мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік алды. Кейбір мәселелердің орындалу мерзімін көрсетіліп, тиісті құрылымдық бөлімшелерге тапсырма берілді.

 

 

Авторы: Эльвира Серікқызы

14.11.2019 ж.

Ақпарат көзі: egemen.kz