
 
| Университет құрылымы | 
 
 
 Абай атындағы ҚазҰПУ қызметкерлерінің кәсіптік одағы туралы 
 Абай атындағы ҚазҰПУ қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы мүшелік ұйым құқығында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің - кәсіподақтардың өкілді органының құрамына кіреді. 
 Кәсіподақтың «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің құрамына кіруі ҚР Азаматтық кодексінің 110-бабының 2 және 4 тармақтарына негізделген. 
 Кәсіподақтың негізгі міндеті - қызметкерлердің еңбек жағдайын анықтаумен байланысты: еңбек нормасын белгілеу; жалақы төлеу жағдайын анықтау; қызметкерлердің еңбегін қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету; қызметкерлердің еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында ұжымдық шарттың жағдайларын (мазмұнын) анықтау және сол шартты жасау; қызметкерлердің еңбек жағдайын анықтау мәселелеріне қатысты жұмыс берушінің актілерінің жобаларын әзірлеу мен қабылдау үдерісіне қатысу; еңбек дауларын шешуге қатысу; кәсіподақ мүшелерінің өндірістік, ғылыми-зерттеу, педагогикалық қызметтерімен байланысты өтініштерін қарау; қәсіподақ мүшелеріне және олардың отбасы мүшелеріне құқықтық, материалдық және басқадай әлеуметтік көмек көрсету. 
 Кәсіподақ қызметі бағыттарының ерекшеліктерін және өз мүшелерінің құқықтық мәртебесін ескере отырып, кәсіподақ: ұлттық және адамгершілік құндылықтар, ғылымның және тәжірибенің жетістігіне, азаматтылық пен патриотизмге баулау негізінде білім беру қызметі субьектілерінің кәсіби деңгейінің өсуін және қалыптасуын қамтамасыз ету міндеттерін өзіне жүктейді. 
 |