қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Абдықадыров Айдос Отарұлы

Абдықадыров Айдос Отарұлы


ҚЫСҚАША АВТОБИОГРАФИЯ

Абдықадыров Айдос Отарович Алматы облысы, Панфилов ауданында мектепті, педагогикалық училищені бітіргеннен кейін мектепте «Дене тәрбиесі» және «Еңбекке баулу» пәндерінің мұғалімі, Панфилов пионерлер үйінде үйірме жетекшісі болды. 1992 жылы  Абай атындағы ҚазПИ-дің көркем -сурет, графика факультетін«Бейнелеу өнері, сызу және еңбек» мамандығы бойынша үздік бітірді. Осы жылдан бері Абай атындағы ҚазҰПУ-дың бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасында аға оқытушылық қызмет атқарады.  «6М010200- Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша магистратурабітірген.Жалпы 50-ден аса ғылыми еңбектері бар.

 

БІЛІМІ

Білім беру мекемесі

Біліктілігі

Бітіру мерзімі

Панфилов педагогикалық училищесі

Бастауыш мектеп мұғалімі және аға пионер вожатый

1982

Қазақтың Абай атындағы Еңбек Қызыл Ту орденді Мемлекеттік педагогика университеті

Бейнелеу өнері, сызу және еңбек пәндерінің оқытушысы

1992

«Сырдария» университеті

педагогика  ғылымдарының магистрі (академиялық дәреже)

2020

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ (тізімі бойынша даярлық деңгейлері)

Бакалавриатта:

1. Жаңартылған мазмұндағы «Көркем еңбек» пәнін оқыту әдістемесі

2. Жаңартылған мазмұндағы «Дене шынықтыру» пәнін  оқыту әдістемесі

3.Көркем еңбекті оқыту әдістемесі

4. Бастауыш мектепте дене тәрбиесін оқыту әдістемесі- екі тілде сабақ береді.

 

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ - зерттеу тақырыбы, жарияланымдар саны (5 мәндісін көрсету)

Зерттеу тақырыбы: Бастауыш мектепте көркем еңбекті оқыту әдістемесі

Жалпы 50-ден аса ғылыми мақалалар жарияланды, олардың ішінде 1 мақала импакт-факторы бар журналда жарияланған.

1. Enhancement of dual training in the system of vocationaleducation(on the basis of comparative analysis of Germany andKazakhstan) // Journal: Journal of Social Sciences and Humanities Manuscript ID JSSH-3310-2018. (Smanova A., Abdigapbarova U., Ibraimova L., Serikbaeva G.).

2. Жаңартылған білім беру жағдайында бастауыш сыныптағы «Көркем еңбек» пәнін оқыту ерекшеліктері// Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ «Педагогика ғылымдары» сериясы, 2019.- №4 (64). - 462-466  б.

3. Педагогическая практика как эффективное средство профессиональной подготовки будущих учителей начальных классов // Вестник КазНПУ им. Абая (серия «Педагогические науки»), 2020.- №2 (66).

4. Көркем еңбек» пәнін оқытуда бастауыш сынып оқушыларын ұлттық қолөнерге баулу.// «Молодой ученый» Международный научный журнал. г. Казань,№ 44 (282) / 2019. С. 363-365

5. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін «Көркем еңбек» пәнін оқытуға даярлау. //«Үздіксіз пед. білім беру мәселелері: дәстүр және инновациялар» Еуразиялық педагогикалық университеттер қауымдастығының халықаралық форумының материалдары. - Алматы, Абай атындағы ҚазҰПУ. 4 қазан, 2018. 138-141 б.

 

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ -зерттеу тақырыбы, жарияланымдар саны (5 мәндісін көрсету)

Зерттеу тақырыбы:  Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін «Көркем еңбек» пәнін оқытуға даярлау.

1.«Көркем еңбекті» оқыту теориясы мен әдістемесі пәнінен студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау. -Алматы, 2018.

2. «Көркем еңбекті»  оқыту теориясы мен әдістемесі пәнінен зертханалық  жұмыстарды   өткізуге арналған әдістемелік нұсқау. -Алматы, 2018.

3. «Көркем еңбекті» оқыту теориясы мен әдістемесі. 5В010200 - бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешен.-Алматы,2014.

4. Теория и методика преподавания «Художественного труда». Учебно-методический комплекс.-Алматы,2014.

5. «Бейнелеу өнері практикумы» пәнінен студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру бойынша әдістемелік  нұсқау.  - Алматы, 2016.

 

МАРАПАТТАРЫ:

1. Кәсіптік мамандар даярлауға сіңірген еңбегі үшін «Үздік ұстаз» төсбелгісі (2017).

2. Университеттің дамуына қосқан үлесі үшін «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 90 жыл» мерекелік медалі (2018).

 


← Кері оралу